Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, деп хабарлады Paryz.kz.
Жерасты дүмпулерін сеймикалық стансалар желісі Астана уақытымен 24 қаңтарда сағат 07:35-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымда Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетический класы 11.3. MPV магнитудасы 4.9», делінген хабарламада.
Қазақстанда сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.