Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері жол бағасын 2 есе көтеріп жіберген, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Һһһ.
Алматыда такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген
фото: әлеуметтік желіден

23 қаңтарға қараған түні жер сілкінісінен үрейленген тұрғындар қала сыртындағы жер үйлерге қарай ағылған. Салдарынан, Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көлік кептелісі болған.

Осы сәтте такси жүргізушілерінің жол ақысын 2 есе қымбаттатып жібергені туралы ақпарат тарады. Мәселен, қала маңындағы Ұзынағаш ауылына дейінгі жол ақысы әдетте 2 мың теңге болса, таксилер түнде 20-50 мың теңгеге дейін сұраған. Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына, бағаны 40 мыңға дейін көтерген», «Біреулерді бақытсыздық асырайды» демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр, - деп жазды желі қолданушылар.

Айта кетейік, 24 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкісіні болды.  Зі