Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ауа райына байланысты 3 облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ауа райына байланысты 3 облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында - 1 учаске:

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а. - 79 км.

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 2 учаске:

  • «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.
  • «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл. шек.–Чапаев а. – 182 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 642 бірлік техника және 1258 жолшы жұмылдырылды.