Павлодарда қарттар үйінінің медбикесі зейнеткерлердің есепшотынан жалпы сомасы 250 мың теңге шешіп алған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы қалалық сотқа сілтеме жасап.
24 жастағы әйел адам қариялардың аңқаулығын пайдаланып, олардың сеніміне кірген. Қарттардың банктік карталарын алып, жалпы сомасы 250 мың теңге ақша шешіп алған.
Полиция зардап шегушілердің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғап, оны сотқа жолдаған. Медбикенің ісі Павлодар қаласының №2 сотында қаралып, шешім жылдам шықты. Сот зардап шегушілердің шығыны өтелгенін және тараптардың сотқа дейін татуласқанын ескере отырып, мекеме қызметкерін жауапкершіліктен босатты.
Сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шегушілер айыпталушымен өзара татуласқаны себепті істі тоқтату туралы жазбаша өтініш түсірді. Шығын толық өтелді. Қарттардың айыпталушыға ешқандай талабы жоқ. Қылмыстық істің құқықтық салдары туралы тараптарға түсіндірілді, - делінген №2 қалалық соттың хабарламасында.