Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте 33 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізушінің көлігін алып қойды

Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлады paryz.kz. 

Шымкентте 33 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізушінің көлігін алып қойды
Фото: видеодан скриншот

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілікке шыққан патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат алды.

Полиция мұндай мәліметті жұмыс планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы табады.

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды.

Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуге тиіс.