Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Жақып Асанов президенте сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында айтты.

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Фото: paryz.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады paryz.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес "мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы" принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді.

Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы аталған кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын боларына сенім  білдірді.