Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды
© Sputnik / Болат Шайхинов

Бишімбаев "аса қатігездікпен кісі өлтіру" ісі бойынша тергеуге алдыған болатын. Енді, оған тағы бір айып тағылып отыр. Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы, яғни "қинау" бойынша қосымша іс қозғады. Оны ішкі істер министрлігі де растап отыр.

Қосымша айып бойынша төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, ал "аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабында 15 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып жатыр. Қазір тараптар материалдармен танысуды бастап кетті.