Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

ШҚО-да төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды.

ШҚО-да төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
фото: ТЖД

Аудандағы ауылдардың 1200-ден астам тұрғыны қар құрсауында қалды. Тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды

© Шығыс Қазаеқстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажырап қалды.

"Қардың шамадан көп жауып, боран болғандықтан елді мекендерге көлік қатынасы тоқтап қалды. Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады", - деп жазды ведомство.

Аудандағы 9 ауылға бір аптадан бері көлік қатынай алмай қалды. Шанақатты ауылында электр жарығы өшіп қалған.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданыда төтенше жағдай жарияланды

© Шығыс Қазаеқстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

"Жолды ашуға қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындап тұр. Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО бойынша ТЖ департаментінің жоғары өтпелі техникасы келді", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жергілікті биліктің айтуынша, қар сулы, бұл тазарту жұмыстарын қиындатып тұр. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқып жатыр.