Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алдағы 3 күнде -33 градус аязға дейін түседі

Метеорологтар берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен аяз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында қар жауады, боран болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алдағы 3 күнде -33 градус аязға дейін түседі
Фото: Pixabay

Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады. Ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады, жел мен бұрқасын күшейеді. Аяз, әсіресе, солтүстікте, шығыста және орталықта, түнде 25-33 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-23, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градусқа дейін жетеді, ал батыста түнде 8-18, күндіз 3-15 градусқа дейін суық болады, - делінген Қазгидромет берген ақпаратта.