Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ресейде есірткі таратқан қазақстандық 8 жылға сотталып кетті

Бір жасырылған пакет үшін оған 200 ресейлік рубль уәде етілген.

Ресейде есірткі таратқан қазақстандық 8 жылға сотталып кетті
фото: pixabay.com

Ресей Федерациясында Оңтүстік Сахалин қалалық соты Қазақстан азаматын қалада есірткі заттарын таратқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Тұтқындау кезінде ол наркокурьер ретінде 200 ресейлік рубль көлемінде "қосымша ақша" тауып үлгерген, деп хабарлады paryz.kz, skr.su-ға сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қазақстандық азамат танымал мессенджерлердің бірінде бейтаныс адамнан хабарлама алған. Беймәлім адам Қазақстан тумасына көрсетілген құпия жерлерге есірткі заттарын жасырып қалдырып кетіп, ақша табуды ұсынған. Отандасымыз келісімін берген. Қазақстандыққа Оңтүстік Сахалинге барып, мөлшері бойынша алдын ала бөлінген есірткі заттарын белгілі бір жасырын жерлерге қоюы керек екендігі айтылған. Әрбірінің салмағы 2 грамнан аспайтын тыйым салынған заты бар 35 полимерлі пакет – қазақстандықтың есірткі таратудағы алғашқы партиясы болуы керек еді. Бір жасырылған пакет үшін оған 200 ресейлік рубль уәде етілген.

Пайдаға қызығушылық танытқан Қазақстан азаматы 2019 жылдың 10 шілдесінде Сахалинге барып, үй жалдап, "жұмыс істей" бастаған. Алғашқы тапсырмасын мүлтіксіз орындап, есірткі жасырынған жерді сатып алушыға хабарлайды. Кейін қазақстандыққа есірткі заты бар пакеттер көптеп берілген. Бұл оларды дәл солай белгіленген жерге жасыруы керек болған, алайда сол сәтте ер адамды полиция қызметкерлері ұстайды.

Оңтүстік Сахалин қалалық соты қазақстандықты кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.