Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Сот «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп таныды

Өткен жылы 11 желтоқсанда басталған «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілін Маңғыстау облысындағы Қарақия аудандық соты заңсыз деп таныды. Бұл туралы аталған мекеменің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сот «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп таныды
Фото: inform. kz

«Ереуілге қатысушылар ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіру, мекемені «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылымына кіргізу және арнайы техникаларды жаңарту талаптарын қойған болатын. Алғашқы 2 талапты орындау мүмкін емес. Үшінші мәселе бойынша талапты «ҚазМұнайГаз» қанағаттандыруға дайын және әзірленген техниканы жаңарту процесін бастады. Орындалуы мүмкін емес талаптардың қойылуы нәтижесінде компанияға күн сайын материалдық шығын келтірілуде», - делінген «West Oil Software» ЖШС таратқан ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, ұлттық компанияға шамамен 499 млн теңге шығын келген.

«Бұл компанияның қаржылық жағдайына ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджетіне де әсер етеді. Ереуіл басталғаннан бері олардың әрекетінің заңсыздығы туралы бірнеше рет түсіндірілді. Сонымен қатар жұмысқа шығу қажеттілігі туралы хабарланды. Дегенмен іс сәтсіз аяқталды. Жекелеген белсенділер ереуіл жақын арада біздің пайдамызға шешіледі деп оларды жаңылыстыру арқылы ұстап отыр», - дейді мәліметке сүйенсек.

Заңсыз ереуілден бас тартып, 50-ден астам адам жұмыс орындарына оралған.

«Біз ереуілдің жекелеген көшбасшыларының ойлары мен әрекеттерін білеміз. Осыған дейін жұмыстан шығарылған 7 белсенді «West Oil Software» ЖШС орнына басқа компанияны әкелуге тырысуда. Осы орайда 12 қаңтардан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған қызметкерлерді жұмыстан шығарамыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, желідегі ақпаратта мәлім етілгендей қызметін босатқандардың орнына Қарақия ауданындағы жұмыссыз азаматтарды қабылдау жоспары туралы айтылған.

«Егер ереуіл тоқтамаса компания тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына беруге мәжбүр.Біздің жұмысшыларымыздың жалақысы басқа көлік компаниялардың жалақыларынан орта есеппен алғанда жоғары», - деп қорытындыланған түсініктеме.