Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Зейнетке шыққан әжеме аудара салам»: Кірістер комитеті аударымға қатысты сұраққа жауап берді

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Айнұр Сартаева қоғам арасында қызу талқыланып жатқан мобильді аударымдарға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Зейнетке шыққан әжеме аудара салам»: Кірістер комитеті аударымға қатысты сұраққа жауап берді
Фото: pixabay.com

 - Әлі де тек қолма-қол ақша немесе мобильді аударымдарды талап ететін сатушылар бар. Осы орайда тұтынушылар нені білуге тиіс?

Кез келген сауда орындары мен кәсіпкерлер өз тауарын сатқан кезде сатып алушыға қолайлы тәсілді қамтамасыз етуге тиіс. Қазақстанда электронды түрде есеп айырысудың жолы көп, оның ішінде қолма-қол да есеп айырысуға болады. Яғни сатып алушы қалай төлегісі келеді, қалай ыңғайлы кәсіпкер сол жағдайды жасауы керек. Егер сатушы тұтынушыға тек қолма-қол ақшаны талап етсе, әрине бұл заңсыз. Ондай жағдайда сатып алушы жергілікті жердегі кірістер басқармасына шағым жолдай алады. Факт расталса, кәсіпкерге бірінші рет ескерту беріледі, кейін бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

- Кейбір такси жүргізушісінің екі жұмысы бар, яғни такси қызметінде тұрақты жұмыс істемейді. Олардың аударым мәселесі қалай шешіледі?

Қазіргі таңда Үкімет "Яндекс такси" платформасымен бірлесіп пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Көлік жүргізушілері осы пилоттық жобаға қатысқан жағдайда, олар небәрі 1 пайыздық табыс салығын төлейді. Сондай-ақ платформа такси жүргізушілерін кәсіпкер ретінде тіркеу, салықты төлеу оны бюджетке аудару сынды жұмыстарын өз қолына алады.

 - Кейбір сатушы зейнеткер әжесіне және зейнетке шыққан туысқанына аударып жатыр. Оларға не дейсіз?

Зейнетке шыққан адам егер кәсіпкер болып тіркелмесе және оның жұбайы кәсіпкер болмаса немесе бюджет саласының қызметкері емес болса, азамат туралы ақпарат 2025 жылдың қорытындысымен 2026 жылы мемлекеттік кірістер органдарына келеді. Демек, ол азаматқа қатысты бақылау 2025 жылдан басталады.

 - Халық салық органдарынан сескенеді. Жалпы, елімізде салық құны төмендеді ме?

Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімді. Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты тек 1-4 пайызға дейін ғана . Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобильді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде "көлеңкеде" қалып, салық бақылауына түседі. Бұл ретте мобильді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді. Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеуші тең болуы және алынған табыстан салық төлеуге тиіс.

 - Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!