Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Өскеменде әскери комиссариаттың бөлім бастығы пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Өскеменде әскери комиссариаттың бөлім бастығы пара алды деген күдікке ілінді
фото: par

Бұл туралы Антикор өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлім етті.

«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасы жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді», - деді А. Тілеукенов.

Антикордың ресми өкілі қазір қылмыстық іс сотқа жіберілгенін атап өтті.