Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Головкин қарсыластарына бас салып, "жеп қойғысы" келген

Биыл оның "Канеломен" болуы мүмкін үшінші жекпе-жегі жылдың ең көп күтілген кездесуі болмақ...

Головкин қарсыластарына бас салып, "жеп қойғысы" келген
фото: ашық дереккөз

Боксшы Геннадий Головкин бұрын рингте қарсыластарына көзқарасы қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарсыластарыма бірден тап беріп, тапап тастағым келетін. Олармен шашки немесе кейбір боксшылар айтатындай "пятнашки" ойнап жүргім келмейтін. Жай ғана бас салып, жеп қойғым келетін", - деді Геннадий Головкин.

Бүгінде оның есебінде 43 кездесу бар. Гена бір рет тең түсіп, тек бір мәрте ғана жеңілген. 2020 жылдың соңында ол поляк Камил Шереметаны оңдырмай сабады. Ал биыл оның "Канеломен" болуы мүмкін үшінші жекпе-жегі жылдың ең көп күтілген кездесуі болмақ.