Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Талдықорған қаласының әкімдігі 160 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Талдықорған қаласының әкімдігі 160 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.