Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстандық кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан

Қазақстандық кәсіпкерге сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстандық кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан
Фото: pxhere
Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Талас аудандық сотының баспасөз қызметі

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Талас аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.