Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Боранды күні 2 шопан адасып кетті

2 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Боранды күні 2 шопан адасып кетті
Фото: azattyg.ruhy

ТЖД қызметкерлері оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іздеді.

«Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді. Бір жарым сағат іздеуден кейін олар Түрген ауылынан 15 км қашықтықта табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.