Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атышулы Ахмедьяров прокуратура талабымен полицияға шақыртылды

"Прокурорлар мен өз мақалам үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуым керек деп есептейді. Мақалада Орал қаласындағы жер учаскелерін бөлу кезінде заң бұзылғаны туралы жазылған..." - дейді ол.

Атышулы Ахмедьяров прокуратура талабымен полицияға шақыртылды
фото: azattyq.org

"Уральская неделя" өңірлік газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров қалалық прокуратураның талабымен полицияға шақыртылды, деп хабарлады paryz.kz, holanews.kz-ке сілтеме жасап.

Прокуратура Ахмедьяровты "Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Тілеубаев Оралдағы 4 жер учаскесін заңсыз бөліп бергенге қатысы бар деген күдікке ілінгені туралы" материалы үшін жауапқа тарту керек деп есептейді. Бұл туралы журналист Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Прокурорлар мен өз мақалам үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуым керек деп есептейді. Мақалада Орал қаласындағы жер учаскелерін бөлу кезінде заң бұзылғаны туралы жазылған. Яғни заң бұзушылықтардың әсерінен бірнеше жер учаскесі БҚО прокуратурасы қызметкерінің анасының меншігіне өткен. Ол қызметкер қалалық әкімдіктің жерді заңды бөлуін қадағалаған. Мақала 27 қарашада жарияланды. Ол кезде редакция осы іске байланысты тергеу қортындыларын беру туралы прокуратура мен сыбайлас жемқорлық агенттігіне хат жолдаған. Тергеу құпиясы деп ақпарат бермеген. Енді екі ай өткеннен кейін прокуратура мені қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келеді" деп жазды Ахмедьяров 30 қаңтар күні кешке.

HOLA News-пен тілдескен кезде Лұкпан Ахмедьяров өзіне қатысты тергеу жұмыстары қандай баппен басталғанын білмейтінін жеткізді. Тергеуші оған нақты қай бап екенін айтпаған.

"Адвокатпен барсам, бапты айтатынын жеткізді", - деді ол.

Сонымен қатар, журналист шақырту қағазында мүлде басқа тергеушінің аты жазылғанын айтты.