Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстандық шенділер мүліктерін қайда сақтайды

Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары әлемнің 52 елінде жылжымайтын мүлікке иелік етеді, деп хабарлайды Paryz.kz LS-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық шенділер мүліктерін қайда сақтайды
Фото: freepik.com

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 31 желтоқсанында қазақстандықтар 58 мемлекетте шетелдік банктердегі шоттарды декларациялағаны хабарланды. Олардың ең көбі Ресейде, АҚШ-та және Францияда.

Мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары жылжымайтын мүлікке 52 елде ие. Нысандардың көпшілігі Ресейде, Түркияда және Әзірбайжанда сатып алынған.

55 мемлекетте көлік құралдары тіркелген. Ең көбі Ресей, Жапония және Германияда.

МКК жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша биыл алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың 2,1 млн астам қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы есеп (250.00-нысан) ұсынғанын қосты. Декларацияны тапсырған осы саннан 80 мыңға жуық адам резидентрезстер болып табылады.

Ал жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы құжатты (270.00-нысан) барлық мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, олардың жұбайлары – 605 мың адам тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы декларацияны (250.00 нысаны) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкер және олардың жұбайлары ұсынуы қажет. Ал 2025 жылы – барлық қазақстандықтарға міндеттеледі.

Бұрын хабарланғандай, егер жеке тұлға декларацияны тапсыра алмаса, онда оны бірінші рет ескерту жасалатын әкімшілік хаттама күтеді. Алайда, егер бұл бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, бұзушыға 15 АЕК (51,7 мың теңге) айыппұл салынады.

Декларацияда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жыл ішінде тек ескерту жасалады. Бірақ қайталап бұзғаны үшін айыппұл – 3 АЕК (10,3 мың теңге). Салық салу объектілерін бірінші рет жасырғаны үшін-төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл. Егер дәл осындай бұзушылық жыл ішінде қайталанса, онда бұл көрсеткіш 300%-ға дейін өседі.