Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Мәжіліс депутаты Арқалық қаласына әуежай салуды ұсынды

Арқалық қаласына қайтадан әуежай салу керек. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мәжіліс депутаты Арқалық қаласына әуежай салуды ұсынды
Фото: Wikipedia

«Осы жылдың 19 желтоқсанында Көлік министрі таяудағы 2-3 жылда Балқаш пен Үржардың әуежайларына жаңғырту жоспарланып отырғанын, сондай-ақ, Қарқаралы мен Ұлытауда, Зайсан мен Катонқарағайда әуежайлар салу мәселесі пысықталуда деп хабарлады. Жөндеу мен құрылысқа барлығы 71 млрд. теңге жұмсалатын болады. Әрине, министрліктің бұл бастамалары көлік логистикасының дамуына ғана емес, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Осыған байланысты, «AMANAT» партиясының Қостанай облысында Арқалық қаласы мен шалғайдағы Амангелді және Жангелдин аудандарының тұрғындарымен кездесулері барысында көптен бері тұрақты түрде көтеріліп жүрген Арқалықта да әуежай салу қажеттілігін еске салғым келіп отыр», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, бұрын Арқалық Торғай облысының орталығы болып тұрған кезде онда үлкен әуе кемелерін қабылдай алатын әуежай болған. Облыс жабылып қалған соң, мүлтіксіз жұмыс істеп тұрған нысан сол кездегі билік пен Қазақстанның әуе әкімшілігінің қарауынсыз қалып, ақыр соңы жекеге сатылып, шаруасы біткен. Бүгінде әуе қатынасының болмауы өңірдің толыққанды әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіріп отыр.

«Осыған орай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңіраралық байланыстарды күшейту үшін көлік министрлігіне Арқалық қаласында әуежайды қайта салу мәселесін пысықтауды, кейіннен осы бағытта әуе қатынасын ашуды тапсыруды сұраймын», - деді Берік Бейсенғалиев.