Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде Жаңа жыл кезінде отшашу атқандарға қомақты айыппұл салынады

Қазақстандықтарға жаңа жыл күні рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ұйымдастырып, тыйым салынған тауарларды өткізгені және тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Елімізде Жаңа жыл кезінде отшашу атқандарға қомақты айыппұл салынады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Нақты айтқанда, тыйым салынған тауарларды саудалағаны үшін 86 250 теңге, ал пиротехникалық заттарды заңсыз пайдаланғаны үшін тәркілеумен бірге 69 мың теңге айыппұл салынады.

Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет.

Осы талапты бұзғаны үшін де айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға – 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 345 мың теңге», – делінген хабарламада.