Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыдағы апат: жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыдағы апат: жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: zakon.kz

Ведомствоның хабарлауынша, көп жері сынған бар 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы қосарлас жарақат пен жарақаттық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтан тұратын көпбейінді бригада қарап, сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді.