Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Рудныйда жүргізуші полицейді көліктің капотында сүйреген

Рудныйда полиция қызметкерін көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Рудныйда жүргізуші полицейді көліктің капотында сүйреген
фото: polisia.kz

Нақты айтқанда, бүгін сағат 13:00 шамасында Корчагин көшесінде Toyota жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанына тоқтаған. Оның жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасаған. Жүргізуші оған дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Полицей көліктің қозғалысына кедергі келтірмек болған, алайда жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол тәртіп сақшысын 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды. Қабылданған шаралар барысында Рудный қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, – делінген хабарламада.

ПД жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.