Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

СҚО-да қызылша жұқтырғандар күрт көбейді

Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырғандар саны 289-ға жетті, оның 162-сі зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

СҚО-да қызылша жұқтырғандар күрт көбейді
Фото: pexels.com

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, сырқаттанғандардың 87 %-ы Петропавл тұрғыны. Ауырғандардың 33 %-ы 15 жасқа дейінгі балалар.

«ҚР Ұлттық ұланы академиясында қызылшаны жұқтырғандар саны 50-ге жетті. Жалпы студенттер арасында 22 жағдай тіркеліп отыр. Сырқаттанғандардың 84%-ы екпе алмаған. Бүгінгі таңда қызылша ауруы тараған 22 мекеме және 138 тұрғын үй бақылауға алынды», - дейді Әсет Жұматаев.

СҚО бойынша қызылшамен ауырғандарға 181 орын қарастырылған, оның 113-і балаларға, 68-і ересектерге арналған.

«Бүгінгі таңда қызылшаға күдік бар 26 пациент стационарлық ем алып жатыр, оның ішінде 13 бала, соның тек екеуі ғана вакцинацияланған. Реанимация бөлімінде пациенттер жоқ. Өткен тәулікте 2 бала, 1 ересек адам ауруханаға жатқызылды, 7 науқас үйлеріне жіберілді. Жалпы осы уақытқа дейін стационарларда барлығы 163 адам - 82 ересек, оның ішінде 1 жүкті әйел, 81 бала емделді. Амбулаториялық емдеуде қазір 34 сырқат, оның ішінде 16 бала бар», - дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.