Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада танысудың соңы ұрлықпен аяқталды

Елордада полиция ұрлық жасаған қонақты ұстады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Астанада танысудың соңы ұрлықпен аяқталды
Фото: primpress.ru/

Нұра ауданының полиция басқармасына астаналық 49 жастағы әйел ұрлық туралы айтып арызданған. Ол Instagram арқылы 44 жастағы ер адаммен танысқан. Кейін оны үйіне қонаққа шақырған. Кездесуде екеуі ішімдік ішкен. Қонақ әйелдің ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, шамамен 150 мың теңге тұратын Redmi телефонын ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция ұрлыққа қатысы бар астаналықты ұстады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің елордада бұрын жасалған осындай қылмысқа қатысының бар-жоғы тексерілуде.