Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда автокөлік бағасы төмендеді

2023 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша автокөліктің орташа бағасы 2,3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Paryz.kz Қазақстанның автокөлік одағына сілтеме жасап.

Қазақстанда автокөлік бағасы төмендеді
Фото: freepik.com

Жалпы жыл басынан бері қазақстандық дилерлер 175 255 көлік сатқан.

Белгілі болғандай, қараша айының соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 млн 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл жағдай елдегі автокөлік саудасының артуына оң әсер етпек.

Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінше, қараша айында Қазақстанда 17 538 жеңіл сондай-ақ 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға артық.

2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автомобиль брендтері Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%), Hyundai (3605, +16,9%), Kia (2101, +22,3%), Toyota (1252, +79,4%) және Chery (1218, +58,8%) болды. Қарашадағы ең танымал модельдер Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson, Chevrolet Onix, Hyundai Santa Fe және Chery Tiggo 2 болды. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сату рекорды Hyundai брендіне тиесілі (42 038 автомобиль), Chevrolet екінші орында (40 011), үшінші орында – Kia (23 070).