Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Тағы да апат: Ақтауда төрт шағын аудан жылудан ажыратылды

Ақтауда жылу құбыры жарылып, салдарынан Ақтаудағы төрт шағын ауданда жылу ажыратылды.

Тағы да апат: Ақтауда төрт шағын аудан жылудан ажыратылды
Sputnik / Мария Девахина

Бірінші және алтыншы шағын аудандарда коммуналдық апат болып, 2-ші,4-ші, 5-ші және 6-шы шағын аудандардағы кейбір нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беру бойынша уақытша шектеу қойылды, деп жазады Lada.kz.

"Қазір арнайы бригада жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары түстен кейін аяқталады деп жоспарланған", - деп хабарлады Ақтау әкімдігі.

 

Сонымен қатар, 13-шағын аудандағы және тағы бірнеше елді мекендегі ауыз су құбырындағы апат салдарынан суға да шектеу қойылды.

"Шектеу 13-ші шағын ауданда – 1-ші, 2-ші, 6-шы үйлерге, 15-ші шағын ауданда – 34-ші, 45-ші, 46-шы, 47-ші, 50-ші, 53-ші, 54-ші, 55-ші, 65-ші, 69-ші, 70-ші үйлерге, "Таңшолпан", прокуратура, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттарына, 17-ші шағын ауданрда – "Дуқат", мешіт, "Сулпак" ғимараттарына шектеу қойылды",- деп хабарлады "Каспий жылу су арнасы".

14-шағын аудан №30 үйдің тұрғындары жылу мәселесіне қатысты шағымданды. Айтуларынша, аталған үйге қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативі дұрыс жұмыс жасамайды екен. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев аталған тұрғын үйді аралады.

Әкімнің айтуынша, гегізгі мәселе – тұрғын үйдің жылу айналымы нашар болуында.

"Тұрғын үйге жылу келіп тұрғанымен, кейбір пәтерлерде жылу жетіспеушілігі туындаған жағдайда тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме тарапынан реттеу жұмыстары жүргізілуі керек. Бұл мәселені реттеу үшін "Автоматтандырылған жылу пункті" орнатылатын болады. Оған дейін тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме жертөлені дайындап қоюы қажет", - деді қала әкімі.

Тұрғындар пәтерлеріндегі жылу батареяларының салқындап кеткеніне алғаш рет шағымданып тұрған жоқ. Желтоқсанның 10-ы күні болған магистральдық құбырдағы апаттан кейін жылу жүйесіндегі айналым бұзылып, тұрғындар шағымданған болатын. Осыған байланысты бірқатар үйлерде жылуболмай қалды. Мәселе мынада, жылу жертөлеге дейін жетеді, жылу сол жерге дейін барады, бірақ кейбір үйлерде айналым болмағандықтан, жылу жетпейді, деп түсіндірген еді Тналиев.