Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

ІІМ іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскерді ұстады

2023 жылдың басынан бері криминалдық полиция қызметінің жедел уәкілдері іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскерді ұстады, деп хабарлады paryz.kz.

ІІМ іздеуде жүрген 2,5 мың қылмыскерді ұстады
Фото: polisia.kz

Ұсталған қылмыскердің ішінде:

  • 34 кісі өлтіруші;
  • 17 қарақшы;
  • 84 тонаушы;
  • 10 бопсалаушы;
  • 11 зорлықшы;
  • 87 есірткі қылмыскері бар.

Мысалы, осы жылдың шілдесінде Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер 2018 жылы Дубайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Сондай-ақ Таразда 2022 жылдың қарашасынан бастап Қарағанды облысының полиция департаментінің қатысуымен кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген екі азамат ұсталды, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де іске асырылады. Бұл ретте Интерполдың Ұлттық орталық бюросының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ТМД-ға мүше елдердің аумағында жылына екі рет «Іздестіру» операциясы жүргізіледі.

Елден тыс жерлерде жыл басынан бері 70 қылмыскерді ұстап, одан бөлек, тағы 36 іздеуде жүрген адамды анықтадық. Олар АҚШ, Швеция, Германия, Түркия, сондай-ақ өзге де алыс-жақын елдерден табылды, – деп атап өтті Руслан Назаров.

Сондай-ақ ІІМ жедел-іздестіру топтары шетелде 34 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 1 адамды тапқан. Ал Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 374 қылмыскер табылды.

 Мәселен, біздің жедел-іздестіру тобымыз қарашада Грузия қалаларының бірінде 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдіктіні ұстады. Ол азаматтарға 2 млрд теңгеден астам шығын келтірген, – деді спикер.