Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мобильді аударымдар: кімдер салық төлемейтіні белгілі болды

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдар үшін кімдерге салық салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мобильді аударымдар: кімдер салық төлемейтіні белгілі болды
Фото: sputniknews.kz

Министр мобильді аударымдарды реттейтін заң былтыр қабылданғанын еске салды. Айтуынша, банктермен пилоттық жоба жүріп жатыр.

Біз мынадай критерий қойдық – үш ай ішінде бір карточкаға 100 аударым. Біз бақылаймыз. Бұл шартты критерийлер, біз оны өзгертуіміз де мүмкін, аз не көп болуы да ықтимал. Заң былтыр қабылданған және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған. Ал егер мобильді аударымдар туысқандар, әріптестер арасында жасалса, енді түрлі жағдай болады ғой, онда бұл кәсіпкерлік қызметке жатпайды және оған салық салынбайды, - деп түсіндірді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, бизнесі бар адамдар кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша тіркеліп, аударымдар үшін бөлек арнайы шот ашуы керек. Сөйтіп салық төлеуге міндеттеледі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, биылдан бастап салықшыларға банк мәліметтеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу белгілері бар тұлғалар туралы ақпараттар түседі.

Егер азаматтың жеке банк шотына үш айдың ішінде ай сайын 100 не одан көп адамнан ақша түссе, олар бақылауға алынады.

Банктер кезең-кезеңмен ақпарат ұсынады:

2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары бойынша;

2024 жылдан – мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары;

2025 жылдан – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары;

2026 жылдан – халықтың қалған бөлігі бойынша.