Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде аяздың қашан сынатыны белгілі болды

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады және аяз сейіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Елімізде аяздың қашан сынатыны белгілі болды
фото: Halyq Uni

Қазақстанның шығысында арктикалық антициклон орнады. Сондықтан онда төмен температура мен аяз сақталады.

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына қар жауады, жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман болады. Сондай-ақ елдің батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіліп отыр.

Ауа температурасының түнде бірте-бірте көтерілуі мүмкін:

  • батыста -5-15°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста және орталықта -10-25°С-қа дейін;
  • солтүстікте -17-28°С-қа дейін;
  • оңтүстікте -5-18°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста -10-25°С-қа дейін.

Қазақстанның шығысында -30-40°С аяз сақталады.