Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған»: туыстары сарбаздың денесіне эксгумация жасатты

Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты делінген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне туысқандары эксгумация жасатты. Олар бір жарым жыл бойы әділдік іздеп таппаған соң осындай қадамға барып отыр. 

«Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған»: туыстары сарбаздың денесіне эксгумация жасатты
Фото: stan.kz

Жақындары азаматтық борышын өтеуге өзі сұранып барған көкшетаулық жігіт кісі қолынан өлгенін қалайда дәлелдейміз деп бекінген, деп хабарлады КТК арнасы.

«Алматының әскери прокуратурасы болды, одан әділдік болмады. Өзіміздің Бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Бәрінен де әділдік, шындық болмады. Істі жылы жаппақшы, өзімізге қарсы шығып ....», - дейді  марқұм сарбаздың әжесі Күлмайда Туғанбаева.

Шындық іздеп шырылдаған сарбаздың туғандары аса қиын болса да, ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел еткен. Айтуларынша, марқұмның денесінде сау тамтығы жоқ. Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған.

«Мұның барлығы әскердегі әлімжеттік, Алмастың ажалы адам қолынан болды» дейді туған-туысқандары. Шындыққа жету үшін олар эксгумация жасап, тәуелсіз сарапшылар шақыртқан.

Еске салсақ, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, өзге сарбаздарды құтқарып жүріп мерт болған. Әскери басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін»медалімен де марапаттаған. Бірақ туғандары ол медальдан бас тартты.