Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Степногорде желіден ақау шығып, үйлер жылусыз қалды

7 желтоқсанда Ақмола облысының Степногорск қаласында кварталішілік жылу магистралінде апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Степногорде желіден ақау шығып, үйлер жылусыз қалды
Фото: видеодан скриншот

Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Қала тұрғындары қазіргі жағдайдан хабардар етілді.

Жақында жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.