Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ардақ Назаров шетелде жүріп, Қазақстанға тіл тигізген түркістандықты жазалауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желіде қазақ елін балағаттағандарды жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ардақ Назаров шетелде жүріп, Қазақстанға тіл тигізген түркістандықты жазалауды ұсынды
Фото: parlam.kz

Назаровтың сөзінше, қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кетті. Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті керек болса Президентімізге тіл тигізді. Депутаттың айтуынша, бұл азамат қазір шетелде.

Қазақ халқы бейбітшілікті сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз байсалды халықпыз. Сондықтан мына азамат қазір шетелде. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге кезген кезде, оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек, тіпті қажет болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы керек, - деді ол.