Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда ажырасқандар саны көбейді

Қазақстан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы неке қию және ажырасу көрсеткіші белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда ажырасқандар саны көбейді
Фото: freepik.com

Дерекке сәйкес, 2023 жылдың қыркүйегінде 10,8 мың неке тіркелді. Бұл бір ай бұрынғыдан 24,7%, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 26,9%-ға аз.

Ай сайынғы көрсеткіш бойынша биыл тамыз айы ең өнімді жыл ретінде танылды. Себебі жаздың соңғы айында 14,4 мың неке тіркелген. Ал неке ең аз тіркелген ай қаңтар, яғни 7,6 мың. Жалпы, бұл қалыпты көрініс. Былтыр тіркелген некелердің ең көбі тамыз айында (15,3 мың), ең азы қаңтарда (7,9 мың) болған.

2023 жылдың қыркүйегінде 1,3 мың ажырасу тіркелген. Бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 6,9% аз, бірақ былтырғыдан 3,5% артық. Биыл ең көп ажырасу мамыр айында болды, яғни 1,6 мың. Былтыр мамырда да ең көп ажырасу тіркеліп, көрсеткіші 1,8 мың болған.

Жалпы, 2023 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығында елімізде 90,3 мың неке тіркелді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 8,1%-ға аз. Оның 60,2 мыңы қала, 30,1 мыңы ауыл тұрғындары арасында тіркелді. Бұл ретте неке қиюды тіркеу қалаларда 9,3%, ауылдық жерлерде 5,4%-ға азайды.

Ажырасулар саны да төмендеп, биыл тоғыз айда 8,1%, яғни 12,4 мыңға дейін. Бұл ретте ажырасулардың 73,6%-ын қала тұрғындары құрады: 9,1 мың, 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 8,6%-ға аз. Ажырасулардың 3,3 мыңы ауыл тұрғындарының үлесіне тиді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,6%-ға аз.

Өңірлер бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ең көп неке қиылғандар халқы тығыз орналасқан Алматы (9,7 мың), Түркістан облысында (8,7 мың) және Астанада (7,8 мың) тіркелген. Ең аз неке Ұлытау (1,1 мың), Солтүстік Қазақстан (2,4 мың) және Абай (2,6 мың) облыстарында тіркелген.

Ажырасулардың ең көп саны Алматыда (1,7 мың), Қарағанды ​​облысында (1,1 мың) және Астанада (1,1 мың) болды. Ең аз ажырасу Ұлытау (152), Қызылорда (278) және Маңғыстау (298) облыстарында тіркелген.

Бұл ретте неке қиюдың ең жоғары коэффициенті Астанада. 1000 адамға шаққанда 7,53. Одан кейін Ұлытау облысы, онда көрсеткіш 6,76 болды. Неке қиюдың ең төменгі коэффициенті Түркістан облысы мен Шымкентте: 1000 адамға шаққанда тиісінше 5,47 және 5,49 болды.

Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында (1000 адамға шаққанда 1,37 және 1,3), ең төменгісі Түркістан және Қызылорда облыстарында (1000 адамға шаққанда 0,29 және 0,44) белгіленді.

Жалпы, Қазақстанда неке қию коэффициенті бір жыл ішінде 2022 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығындағы 6,69-дан 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 6,07-ге дейін төмендеді. Бұл ретте ажырасу коэффициенті де төмендеді: 1000 адамға шаққанда 0,92-ден 0,84-ке дейін.