Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Түсінетін уақыт келді»: Министр мектепте хиджаб кию мәселесі жайлы сөз қозғады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киюге рұқсат бермесе, мектепке барудан бас тартқан оқушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Түсінетін уақыт келді»: Министр мектепте хиджаб кию мәселесі жайлы сөз қозғады
Фото: gov.kz

Бұл мәселенің түйіні айтылған. Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуы тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді.

Әр ата-ана мен мектеп баланың ертең мықты азамат болып қалыптасуына жұмыс істеуі керек. Бұл бағытта маған шағым келіп түскен жоқ. Себебі, барлық білім мекемелерінде тиісті заңды орындауға білім мекемелері міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуына жқмыла үлес қосуымыз тиіс. Бұл мәселені ары қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасын тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын, - деді Оқу-ағарту министрі.