Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Шекараны заңсыз кесіп өткен»: Жамбыл облысында 30 шетел азаматы елден шығарылды

Жамбыл облысында шекараны заңсыз, қасақана кесіп өткен 30 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Шекараны заңсыз кесіп өткен»: Жамбыл облысында 30 шетел азаматы елден шығарылды
фото: ПД

Елге заңсыз кіріп алған шетелдіктердің көбі Ауғанстаннан келгендер. Олардың ішінде 16 Ауғанстан азаматы, 5 Непал азаматы, 4 Пәкістан азаматы, 3 Үндістан  және 2 Шри-Ланка азаматы бар.

«Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін шалғай шет елдерден келген 30 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге  шығарылды. Полиция қызметкерлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жалғастыруда», - делінген ПД хабарламасында.

Елімізде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 8 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты іс материалдары аудандық сотқа жолданды.