Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Теріскейде қазақыландыру жұмысы қалай жүріп жатыр? Өңір әкімі жауап берді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осылай деді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Теріскейде қазақыландыру жұмысы қалай жүріп жатыр? Өңір әкімі жауап берді
Фото: tengrinews.kz

БАҚ өкілі әкімге «Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет құрушы қазақ ұлтының үлесі 35 пайыздың көлемінде. Өңірді қазақыландыру бойынша нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? 35 пайыз болуы сізді алаңдатпай ма?

Алаңдатады... Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақ тілінде мектептер ашылып жатыр және білім саласында курстар ашылуда. Балабақша мен әлеуметтік нысандарды қазақша ашып жатырмыз. Жұмыстар біртіндеп жүргізіліп жатыр, - деді Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Солтүстік Қазақстанда шекаралас аудандар бос жатыр. Оны қазақыландыру мәселесі қалай шешіліп жатыр? деп сұрақ қойылды әкімге.

Бізде - 6 аудан, 138 ауыл бар. Жыл сайын жолдар салу, әлеуметтік нысандарды салу секілді жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Екінші жағынан, оңтүстік өңірден арнайы квотомен адамдар көшіп келіп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам келді, олардың ішінде 235 -і қандастарымыз. Жыл сайын оңтүстік өңірден келген адамдардың 85-89 пайызы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Бұл да бір жақсы көрсеткіш деп ойлаймыз, - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.