Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Жылу жоқ»: Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары шағымданды

Орал қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары жылудың жоқтығын айтып шағымданды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Жылу жоқ»: Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары шағымданды
Фото: inform. kz

Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы көшесі 83/2-мекенжайда тұратын тұрғындар 30 қараша күні кешкісін көшеге шығып, Шаған полиция бөлімі бастығының атына шағым жазды.

Олардың сөзіне қарағанда, 156 пәтерлік үйде жылудың болмағанына төртінші күн. Пәтерлер салқын болғандықтан, балалар ауыра бастаған. Осы үйге қызмет көрсететін «Казбатыссервис» ПИК пен «Жайықжылуқуат» АҚ қимылсыз отыр.

Аталған үйде тұратын Ардақ Мұратқызының айтуынша, қазандық негізі 3 үйге арналған. Ал қазір 11 үйге жылу беріп тұр. Өзінің қуаттылығынан 3-4 есе артық жүктеме түсіп тұр. Сондықтан да күші жетпейді. 

Орал

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

«Түнде жылуды айырып тастаған кранды ашқызып, өзіміз қостырып алдық. Бірақ уақытша. Бүгін таңертең әкімдіктен, «Жайықжылуқуаттан», ПИК-тен бәрінен мамандар келіп, сорғыны ауыстырмақшы», - деді А.Мұратқызы.

Зачаган кенті округі әкімдігі мұның жылда болатын мәселе, кілтипан жертөледегі сорғыда екенін жеткізді. Жылу ішінара пәтерлерде қанжылым болған.

«Қазіргі кезде жылуды қызмет көрсетуші компания мен «Жайықжылуқуат» өкілдері бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады ведомстводан.