Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір кітабы жарыққа шықты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабы сатылымға шыққан, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір кітабы жарыққа шықты
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

«Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерін бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады», - деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры.

Қор хабарлағандай, жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы Тұңғыш Президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі.