Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы тарифтер өзгеріссіз қалды.
2020 жылдың желтоқсанында электр қуаты қазақстандықтарға бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,5%-ға қымбаттады, деп хабарлады paryz.kz.
Energyprom.kz хабарлағандай, елорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары тұрғындарының қалтасын жыл сайынғы электр тарифінің өсімі көбірек қақты. Ал Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы тарифтер өзгеріссіз қалды.
Өткен жылы Қазақстан 107,9 миллиард кВт/сағ. электр қуатын өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артық. Бүгінде электр энергиясын тұтыну - 107,1 млрд кВт/сағ. Бұл - бір жыл ішінде 2%-ға артқаны.
Өндірістің ең көп көлемі Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Тұтынудың үлкен көлемі Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарында тіркелген.