Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда өртке оранған хостел заңсыз жұмыс істеген

Алматы әкімдігі хостел аумағында болған өртке қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда өртке оранған хостел заңсыз жұмыс істеген
Фото: nur.kz

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке оранған хостелдің рұқсат құжаты болмаған.

Ғимараттың иесі – «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету үшін. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метрді құрайды.

«Айта кетерлігі, «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет»,  - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.

«Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан. Ақпарат хабарлардың жіберілуіне орай толықтырылатын болады», -  делінген хабарламада.