Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: жәбірленушілер жазаны өзгертуді сұрады

Нұрасыл Болаттың шабуылынан зардап шеккендер сот үкіміне шағым түсіріп, Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: жәбірленушілер жазаны өзгертуді сұрады
Коллаж: tengrinews.kz

Бүгін Әскери сотта әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Айта кетейік, Нұрасыл Болат бұзақылық ниетпен қасақана екі адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған. Қазан айының басында сот бұл іс бойынша үкім шығарып, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына 1 725 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ зардап шеккендердің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілген.

Іс жәбірленушілердің апелляциялық шағымы бойынша сотқа келіп түсті (бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрайды), прокурор (ақшалай айыппұлды бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрайды), сотталған адамның адвокаты (ақтауды сұрайды), сотталған адам кінәсін мойындап, өкінеді, жазасын өтеуге дайын және соттың жаза тағайындауын күтеді, – делінген хабарламада.