Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Полиция Алматыдағы бала зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Полиция ұлына қатысты заңсыз әрекеттерді тергеу жұмыстарына өзінің анасы кедергі келтіріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Полиция Алматыдағы бала зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады
фото: Арман Мухатов

Алматы қаласының полиция департаменті ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес қала тұрғынының ұлына қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы өтініші бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. 

14 қыркүйек күні әйел полицияға хабарласып, Алматы қаласындағы халықаралық мектепте белгісіз бір адамның баласын қорлағаны туралы хабарлады. Сол күні тергеуші осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарып, қылмыстық іс қозғады. Келесі күні баланы сарапшылар комиссиясы қарады. Қарау кезінде қандай да бір зақым, соның ішінде зорлық-зомбылық іздері табылмаған. 

Сонымен қатар комиссия арнайы медициналық жабдықтары бар проктология саласындағы маманды осы іске тарту туралы ұсынымхат берді. Алайда анасы жеке клиниканың проктолог-маманына өз бетінше жүгініп, кейіннен сараптамадан өтуден бас тартты. Тергеу шеңберінде мектептің ішінде және айналасында орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.