Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

ЧВК «Вагнер» құрамында соғысқан қарағандылыққа сот үкімі шықты

Ресей аумағына барып ЧВК қатарына қосылған қарағандылық сотталды.

ЧВК «Вагнер» құрамында соғысқан қарағандылыққа сот үкімі шықты
Фото: Евгений Биятов / РИА Новости

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының хабарлауынша, Ш. қылмыстық кодекстің 170-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталған. Оған қарулы қақтығысқа, әскери іс-қимылдарға және конституциялық құрылысты құлатуға және бұзуға немесе мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерге қатысты деген айып тағылған.

Ш. 2023 жылдың наурызында Қарағанды облысының Топар кентіндегі үйінде «ВК» әлеуметтік желісі арқылы «Вагнер» жеке әскери компаниясы туралы білген. Ол ақшалай сыйақы алу мақсатында Украина аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуға келіскен.

Содан соң Ресей аумағына барып, ЧВК қатарына қосылып, әскери дайындықты жүзеге асырған. Сәуірдің соңында ол Украина аумағында орналасқан Бахмут қаласына жіберіліп, ол жерде Украинаның конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған іс-қимылдарға қатысқан. Сол жерде жарақат алған.

Прокурор соттан Ш. алған ақша тәркіленіп, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Осылайша сот оны 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ алған ақша толық тәркіленді. Ш. жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.