Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі басталды, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтіп жатыр
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Аталған жәрмеңке екі күнге бүгін және ертең сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін 60 шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауылшаруашылығының қатысуымен өтеді. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. 
Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс – көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы, Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасында. 

«Қаламызда өтіп жатқан жәрмеңкеге осымен бірнеше рет келіп тұрмын. Бүгін Алматы облысының көкөністері өте дәмді болады. Ежелден картоп өсірумен даңқы шыққан Нарынқол өңірінің шаруалары биыл да табысқа кенелуде. Жеке аудан болып құрылғанына жылдан аса уақыт болса да, Райымбек өңірінде осы картап егістігінің көлемі 10 есеге өсіпті. Бұл жергілікті жұрттың жаппай жер еміп, несібесін еңбектен табуға жұмылғанын көрсетеді. Қазір ауылдағы ағайын картоп егістігінің көлемін 700 гектарға ұлғайтып, жиналатын өнімді 380 центнерге дейін жеткізіп отыр. Осы жәрм еңке арқылы халыққа қолжетімді пайдалы өнімді беруге талпынамыз. Халыққа қызмет көрсететін түрлі мекемелер салынып, бар ғимараттарды қайта жаңғыртып, жаңалап жатырмыз. Нарынқол ауылын көгалдандыруға, жолдарды жөндеуге, көшені жарықтандыруға, балалардың ойын алаңдары мен спорттық алаңдарын салуға, тұрғын үйлердің аулаларын көркейтуге, қай жағынан болсын аудан азаматтары, облыстың әрбір аудан, қаласы өз үлестерін қосуда. Нарынқол өңірінің, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы мүмкіндігі көп. Райымбек ауданына картопты өндірістік масштабта өсіруге жасаған мемлекет қолдауы өз нәтижесін беріп отыр. Жас мамандар туған жерге оралуда. Техникалар жаңарды, толықты», – дейді облыстан келген дихандар. 

Сонымен қатар, демалыс күнгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері қаланың мына аудандарында да өтеді:
1. Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
2. «Қазақфильм» шағынауданы (Бостандық ауданы);
3. Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
4. Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы, Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).