Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы "сөйлеу мәдениетіне жат" болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын көрсетті, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, кейбір әріп тіркестерін алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған.

"Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды", - делінген Tengrinews.kz редакцияның ресми сұрау салуына жауапта.

Барлығы ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар. Бұл комбинациялар, мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.