Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Министр LRT жобасына тағы қомақты қаржы сұрады

Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз жиынында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Министр LRT жобасына тағы қомақты қаржы сұрады

Министр ведомство LRT құрылысын аяқтау үшін жалпы құны 150 млрд теңге сұрауды жоспарлап отырғанын айтады.

Биыл LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Жақында БАҚ-тан құрылысқа бұл ақшаны енді сұрап жатыр деген ақпаратты көрдім. Мәселе мұнда емес. Жыл басынан бері бұл қаражат (52 млрд теңге) бөлінген. Бүгінде іргетас қазығын қағу 96 пайызға, негізгі тіректерді орнату шамамен 76 пайызға аяқталды. Құрама конструкцияны бір-біріне қосу жұмысы 82 пайызға бітті. Мен сізге биыл істелген жұмысты айттым, - деді министр.

Марат Қарабаев 2024 жылы LRT құрылысына бюджеттен шамамен 45 млрд теңге бөлу мәселесін талқылап жатқанын атап өтті.

Бұл қаражат құрылыс-монтаж жұмысын жалғастыру үшін керек. Бүгінде құрылыста 1500 адам жұмыс істейді. Егер жұмыс көлемі ұлғайса, құрылыс командасы жүктелген міндетті орындаса, құрылыс-монтаж жұмысының қарқынын үдете алсақ, онда тағы 150 млрд теңге сұраймыз. Нысанның құрылысын аяқтауды 2025 жылға жоспарлап отырмыз, - деді Қарабаев.