Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағанды облысында бұзақылар араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған

Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бұзақылар араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған
фото: polisia.kz

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.

«Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», -деп хабарлады Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.