Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Оқушылар мен студенттер неге есірткі сатушыларға тез алданады?

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары студенттер мен оқушыларды сақ болуға шақырады, деп хабарлады Paryz.kz Polisia сайтына сілтеме жасап.

Оқушылар мен студенттер неге есірткі сатушыларға тез алданады?
Фото: polisia.kz

Студенттер арасында жүргізілген сауалнамалар олардың есірткі қылмысы үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсетті. Мысалы, мефедрон сияқты синтетикалық есірткінің 1,5 грамын сатқаны үшін 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Полиция жатақханаларда рейдтер ұйымдастырды. 

Біріншіден, жатақханаларда тұратын студенттерге кез келген психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатуға қатысқаны үшін жаза туралы ескертіледі. 

Екіншіден, рейд барысында кинологтар жатақханаларда есірткінің бар-жоғын тексереді. Бір апта ішінде еліміздің әртүрлі өңірінде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, осындай 25 рейд өткізілген. 

Студенттер мен жасөспірімдер есірткі дилерлеріне тез алданады. Олар тәуелсіз өмірді бастап, бос уақытында ақша табуға тарысады. Алайда жастар кез келген заңсыз әрекетке жаза қарастырылғанын білмейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай табыстың салдары туралы ескерту. 16 жастан бастап есірткі қылмысы үшін заң алдында жауап беруге тура келеді, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алады. 

Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, белгілі бір есірткі туралы форумдарда оң пікірлер үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ІІМ өкілі.