Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде» деген мазмұнда пікір тараған. Осы ақпаратқа қатысты ҚМДБ Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.
ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз, – делінген хабарламада.